Саумалкөлде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

    Саумалкөлде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

    Бүгін Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында қарт адамдарды қолдауға арналған айлық аясында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

    Іс-шараға аудан орталығының көптеген тұрғындары мен қонақтары қатысты. Өйткені күз мезгілі — қысқа қажетті азық-түлік пен жем-шөп қорын дайындайтын уақыт. Жәрмеңкеге Айыртау ауданының әкімі Мейрам Мендыбаев арнайы барып, сатып алушылармен және жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тілдесті.

    Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарына арналған жем-шөп Саумалкөлге кіреберістегі екі жерде — Көкшетау және Рузаевка бағыттарында ұсынылды.

    Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, тұрғындарға өз өнімдерін ауданның жетекші ауыл шаруашылығы құрылымдары ұсынды: «Баянтай» ЖШС, «Shalkar Grain» ЖШС, «Dostyk dan GCK» ЖШС, «Әдемі астық» ЖШС, «Агро хан» ЖШС, «Аmanat Jer-2020» ЖШС, «Константиновка -2004» ЖШС, «Babyk Burlyk GCK» ЖШС, «Алга агро» ЖШС, «Норд грейн» ЖШС, «Исагали» ЖШС, «Zlatogorka GCK» ЖШС, «Агроком Мәдениет» ЖШС, «Лобаново» ЖШС, «Саумалкөл Aгро» ЖШС, «АиK агро» ЖШС, «Ясмина агро» ЖШС және «Ключи GCK» ЖШС.

    Қаптағы астық қоспасының бағасы сапасына қарай 1 500-ден 3 500 теңгеге дейін болды. Арпа қалдығы мен тазартылған арпа тоннасына 30 000-нан 40 000 теңгеге дейінгі бағамен сатылды.

    Пішеннің бір бумасы 6 000 теңгеден, сабанның бір бумасы 2 500 теңгеден ұсынылды.

    Ал Саумалкөлдің орталық алаңында дәстүрлі азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Саумалкөл тұрғындары мен қонақтарына жергілікті тауар өндірушілер мен «Көшпенділер» атты «дөңгелектегі жәрмеңке» кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынды.

    Сауда сөрелерінен жаңа піскен ет және сүт өнімдері, түрлі балық өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, «Tezis» және «Saumalkol Sut» ЖШС өнімдері, үйрек, қаз және тауық еті, маусымдық көкөністер мен жемістер, жартылай фабрикаттар, үй жағдайында дайындалған тұздалған өнімдер және басқа да тауарлар орын алды.

    Жәрмеңкелердегі сауда қызу жүріп, мұндай іс-шараларға тұрғындар тарапынан сұраныстың жоғары екенін көрсетті.

    Жем-шөп жәрмеңкесі барысында саумалкөлдіктер аудан әкімі Мейрам Мендыбаевқа астық қалдықтарын сатуды мүмкіндігінше жиі ұйымдастыру туралы өтініш білдірді. Тұрғындар қосалқы шаруашылықтарға қажетті жем-шөпке деген сұраныс әлі де толық қанағаттандырылмағанын атап өтті. Сондықтан мұндай жәрмеңкелерді тұрақты түрде ұйымдастыру ауыл тұрғындары үшін үлкен қолдау болмақ.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Айыртау ауданының әкімдігі" жаңалықтары