«Қаржы пирамидалары: салдары және алдын алу» — «Ирбис» телеарнасының эфирінде

    «Қаржы пирамидалары: салдары және алдын алу» — «Ирбис» телеарнасының эфирінде

    «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Қасымов Г.Н. қаржы пирамидалары, олардың салдары мен алдын алу шараларына арналған «Ирбис» телеарнасының «Сигнал» телебағдарламасына қатысты.

    Эфир барысында спикер қаржы пирамидаларының негізгі белгілері, азаматтарды күмәнді инвестициялық жобаларға тартудың кең таралған тәсілдері, сондай-ақ ақшалай қаражаттан айырылу тәуекелдері туралы айтып берді.

    Көрермендерге «жылдам» әрі кепілдендірілген табыс туралы ұсыныстарды сын тұрғысынан бағалау, қаражат салмас бұрын ақпаратты тексеру және нақты экономикалық негізі жоқ жоғары пайда туралы уәделерге сенбеу қажеттігі ескертілді.

    Сондай-ақ бағдарлама барысында азаматтарға қаржы пирамидасының белгілерін дер кезінде анықтауға және қаржылық шығындарға жол бермеуге көмектесетін ұсынымдар берілді.

    Департамент азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті" жаңалықтары