Студенттер арасында кибералаяқтықтың және жасанды интеллектіні пайдалану тәуекелдерінің алдын алу

    Студенттер арасында кибералаяқтықтың және жасанды интеллектіні пайдалану тәуекелдерінің алдын алу

    Департамент өкілдері Электроника және коммуникациялар жоғары колледжінің студенттерімен киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған профилактикалық кездесу өткізді.

    Іс-шара барысында «Жасанды интеллектінің көлеңкелі жағы» тақырыбына және кибералаяқтықтың заманауи түрлеріне ерекше назар аударылды.

    Студенттерге жасанды интеллект технологияларын қылмыстық мақсатта пайдалану тәуекелдері, интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары, сондай-ақ дербес деректер мен ақшалай қаражатты қорғау шаралары туралы айтылды.

    Іс-шараға прокуратура органдары мен Полиция департаментінің өкілдері де қатысып, құқық бұзушылықтардың алдын алудың өзекті мәселелері мен цифрлық ортадағы қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде түсіндірді.

    Профилактикалық жұмыспен шамамен 90 студент қамтылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті" жаңалықтары