
2026 жылдың 5 қазанында «Ертіс концерт» мәдениет орталығында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың қатысуымен мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, «ШҚО Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің кәсіби дамыту институтының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, білім саласының ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, әлеуметтік серіктестер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мереке қонақтары мектеп оқушылары және колледж студенттерінің көркем шығармашылығы көрмесін, сондай-ақ Өскемен қаласы кітапханалары мен кітап дүкендерінің оқу және көркем әдебиет көрмесін тамашалады.
Сондай ақ фойеде арнайы мұғалімдер күніне дайындалған «Біздің құттықтауларымызды қабыл алыңыздар» бейнероликтер байқауының жеңімпаздарының жұмыстары мен 2025-2026 оқу жылының білім саласындағы жетістіктері туралы арнайы мерекелік ақпараттық бюллетень таныстырылды.
Мерекелік шара аясында білім беруді дамытуға қосқан көп жылғы үлесі үшін Қазақстан Республикасының «Құрмет орденімен»- 3 педагог, «Ерең еңбегі үшін» медалімен – 4 педагог, «Еңбек ардагері» медалімен – 3 педагог, «Ы. Алтынсарин төсбелгісімен» - 4 педагог, «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен – 2 педагог, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет грамотасымен» - 1 педагог, Алғыс хатымен – 3 педагог және облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» - 3 педагог және облыс әкімінің Алғыс хатымен – 1 педагог марапатталды.
2025-2026 оқу жылының рейтинг қорытындысы бойынша білім басқармасының дипломдарымен «Жалпы орта білім бойынша Үздік білім бөлімі - 2026» иегері Глубокое аудандық білім бөлімі және 2026 жылдың үздік колледжі атанған Өскемен жоғарғы политехникалық колледжі марапатталды.
Мерекенің арнайы шақырылған құрметті қонақтарына, білім беру саласының ардагерлері мен облыс педагогтеріне арнайы дайындалған концерттік бағдарламасы ұсынылды.









