Гүлге оранған қабырға: «Сарыарқада» жаңа мурал салынды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Гүлге оранған қабырға: «Сарыарқада» жаңа мурал салынды

    «Сарыарқа» ауданындағы Бұқарбай батыр көшесі, 25 мекенжайындағы үйдің қасбетіне жаңа мурал салынды.

    Қабырғада көкнәр, лалагүл, пион, қамыс және хоста гүлдері бейнеленген. Гүлді композиция қала көрінісіне табиғи реңк қосып, күнделікті көз үйренген ортаны ажарландыра түскен.

    Муралдың идеясы аудан аумағында жүргізіліп жатқан көгалдандыру жұмыстарымен үндеседі. Табиғи элементтер қаланың сәулетімен үйлесіп, қоршаған ортаға өзіндік көрік беріп тұр.

    Бүгінде жасыл желек елорда келбетінің маңызды бөлігіне айналып келеді. Сондықтан қаланы абаттандырумен қатар, тұрғындарға жайлы әрі көрікті орта қалыптастыруға да көңіл бөлінуде. Көгалдандыру мен абаттандырудың осындай элементтері қалалық кеңістікті біртұтас етіп толықтыра түседі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары