
Есіл өзенінің жағалауындағы «Арбат» алаңында Сарыарқа ауданының белсенді зейнеткерлерінің қатысуымен «Қарттар – біздің қазынамыз» атты флешмоб өтті.
Флешмобтан кейін Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының концерттік бағдарламасы жалғасты. Көрермендер алдында би және вокалдық ұжымдар, «Әгугай» этно-фольклорлық ансамблі, «Ветеран» халықтық хоры, «Богатицы» ән ансамблі және басқа да шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.
Бағдарлама барысында әртүрлі тілдердегі әндер, терме, музыкалық және би композициялары орындалды.







