Қонаев гарнизонында 50 сарбаз жүргізуші сертификатын алды

    Қонаев гарнизонында 50 сарбаз жүргізуші сертификатын алды

    Десанттық-шабуылдау әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар үш айлық дайындықты аяқтап, жүргізуші біліктілігін иеленді.

    Сарбаздар полигонда практикалық жүргізу дағдыларын шыңдап, әскери техниканы әртүрлі бағыттарда сенімді меңгеруді, кедергілерден мүдірмей өтуді және күрделі жол жағдайларында ширақ әрекет етуді үйренді. Техниканың тілін табумен қатар, оның күтімі мен ақаусыздығына да ерекше мән берілді.

    Дайындықтан өткен 50 сарбаздың отызы БТР-80 бронетранспортерінің жүргізушісі біліктілігін алса, қалған 20-сы «Арлан» брондалған дөңгелекті машинасын басқаруды толық меңгеріп шықты. Енді жас мамандар өз қызметін Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелерінде жалғастыратын болады.

    – Үш ай ішінде бронетранспортерді басқару дағдыларын меңгеріп қана қоймай, бойымызға үлкен сенімділік ұялаттық. Нұсқаушы сержанттардың кәсібилігінің арқасында әртүрлі жағдайларда нақты әрі сабырлы әрекет етуді үйрендік, – деді қатардағы жауынгер Айдос Фархаддинов.

    Орталық түлектеріне дайындықтан өткені туралы сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді. Енді олар алған білімдерін бөлімшелерде одан әрі бекітіп, штаттық техникада шеберліктерін шыңдайтын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі" жаңалықтары