
2026 жылдың басынан бері «Сарыарқа» ауданында 15 рұқсатсыз қоқыс тастайтын орын жойылып, 20 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерге тастағаны үшін 91 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аумаққа экологиялық полициямен бірлесіп күнделікті мониторинг жүргізіледі. Рұқсатсыз қоқыс орындары тұрғындардың өтініштері, әлеуметтік желілердегі хабарламалар, ғарыштық мониторинг деректері және бейнебақылау камералары арқылы анықталады.
Ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын елордадағы Алаш тасжолы бойында орналасқан арнайы экологиялық полигонға шығару қажет.
Айта кетейік, экологиялық талаптарды бұзғаны үшін жеке тұлғалар мен кәсіпорындарға 100-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері 2000 АЕК-ке дейін жетіп, қоқыс тасымалданған көлік құралын тәркілеу қарастырылған.






