Жалпы ауданы 12 225 м² болатын жаңа білім беру және әлеуметтік-мәдени орталық балалар мен жастардың шығармашылық, зияткерлік және дене қабілеттерін дамытуға арналған.
Кешенде көркем-шығармашылық, ғылыми-техникалық және спорттық-сауықтыру бағыттары бойынша 30-дан астам үйірме жұмыс істейді. Балалар хореография, вокал, театр және бейнелеу өнерімен айналысып, робототехника, бағдарламалау мен 3D-модельдеуді меңгере алады. Сондай-ақ жүзу, командалық спорт түрлері және күрес секцияларына қатысуға мүмкіндік бар.
Кешен 750 балаға есептелген, ал үйірмелердің жалпы қамту көрсеткіші 1 000 қатысушыға дейін жетеді. Концерттер, қойылымдар және өзге де іс-шаралар өткізу үшін 300 орындық әмбебап зал қарастырылған.
Сонымен қатар, «Агрогородок» тұрғын алабында тағы бір көпфункционалды Оқушылар сарайы салынып жатыр. Ол аудан балалары үшін қосымша білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








