Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Төленді Тілеужанұлы Қасимовпен жұмыс кездесуін өткіздім.

    Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Төленді Тілеужанұлы Қасимовпен жұмыс кездесуін өткіздім.

    Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Төленді Тілеужанұлы Қасимовпен жұмыс кездесуін өткіздім.

    Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің сот отырыстарына қатысуы, соттардың құқық қолдану практикасы, оның ішінде сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШМББ) және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру (ЖӨБЖ) туралы өтінішхаттарына қатысты мәселелер талқыланды.
    Аталған институттар қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығында ізгілік қағидатын іске асыратын негізгі құқықтық тетіктер болып табылады.

    P.S. 2025 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШМББ) және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру (ЖӨБЖ) институттары туралы» арнайы баяндамасы жарияланды.
    Құжатта осы ізгілік институттарын тиімді қолдануға кедергі келтіретін негізгі жүйелі мәселелер айқындалған.

    2026 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты №82-НҚ нормативтік қаулысында ШМББ және ЖӨБЖ қолдану қағидаларының конституциялылығын бағалады.

    Үкіметке қылмыстық заңнаманы жетілдіру, ал Жоғарғы Сотқа ШМББ және ЖӨБЖ мәселелері бойынша қосымша түсіндірмелер беру ұсынылды.

    Қазіргі уақытта аталған ұсынымдар бойынша жұмыс жүргізілуде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі" жаңалықтары