ШҚО-да «Назар аударыңыз, балалар!» ЖПІШ қорытындыланды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ШҚО-да «Назар аударыңыз, балалар!» ЖПІШ қорытындыланды

    ШҚО-да «Назар аударыңыз, балалар!» ЖПІШ қорытындыланды

    15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Назар аударыңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

    Іс-шараға 300-ден астам полиция қызметкері мен мүдделі органдардың өкілдері қатысты. Жалпы 1740 рейдтік іс-шара өткізіліп, оның 672-сі су айдындарында ұйымдастырылды.

    Профилактикалық жұмыс барысында 1400-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Полиция органдарына 421 кәмелетке толмаған бала жеткізіліп, 34 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

    Балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарының маңындағы жол инфрақұрылымы тексеріліп, 209 нұсқама енгізілді. Оның 205-і бойынша анықталған кемшіліктер жойылды.

    Кәмелет жасына толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыс тұрақты түрде жалғасуда.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары