ӨКІЛДІҢ ЖОСПАРЛЫ КЕЗДЕСУІ

    ӨКІЛДІҢ ЖОСПАРЛЫ КЕЗДЕСУІ

    ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов Үйлестіру кеңесі мен «Еркіндік рухы» жастар комиссиясы мүшелерімен кездесті.

    Кездесу барысында Амангелді Аманиязұлы әріптестермен 9 ай қорытындысы бойынша жасалған жұмыстарды пысықтады. Негізінен жаз айлары мезгілінде жалпы жұмыстың бәсеңсіп қалғанын да тілге тие кетті. Осыған байланысты Уйлестіру кеңесі мен Жастар комиссиясының қызметін жанандырып, Уәкілмен алға қойылған міндеттерді орындауда белсенділік арттырып, жоспарланған шараларды мезгілінде және сапалы өткізу керектігін ескертті.

    Жалпы алдағы уақытта осы құқыққорғау институтының беделі өңір жұртшылығы арасында беделін арттыруға жұмыстану керектігі, азаматтардың құқықтары мен бостандығын білу мен қорғау мақсатында Өкілеттіктің құзыретін насихаттау жұмысына аса көңіл беру маңыздылығын атап өтті.

    Сонымен қатар, кездесу кезінде қатысушылар өз ой-пікірлермен бөлісіп, бірігіп жасайтын жұмысты ілгерлету туралы ұсыныстарын білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі" жаңалықтары