«ҮШ ДӘУІР – БІР ОТБАСЫ» — ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН САҚТАҒАН САЙЫС

    «ҮШ ДӘУІР – БІР ОТБАСЫ» — ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН САҚТАҒАН САЙЫС

    1 қазан – Халықаралық қарттар күнін атап өту жөніндегі аудандық апталық жоспарға сәйкес, Отырар аудандық «Белсенді ұзақ өмір» КММ ғимаратында «Үш дәуір – бір отбасы» тақырыбында ардагерлер және немерелер арасында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды.
    Аталған іс-шараның басты мақсаты – ата-әже, ана және немере арасындағы байланысты нығайту, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау және ардагерлердің белсенді өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету.
    Ұлттық ойындар – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Сайыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, күш-жігері мен мергендігін сынға салып, ұлттық ойындардың бірнеше түрінен бақ сынасты.
    Атап айтқанда, ардагерлер арасында тоғызқұмалақ, қол күрес, ләңгі тебу, асық ату сынды ұлттық ойындар бойынша тартысты бәсекелер өтті. Әр ойынға қатысушылар ерекше белсенділік танытып, өзара тәжірибе алмасып, көтеріңкі көңіл-күйде жарысты.
    Сайыс барысында қатысушылар тек спорттық шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнін де айшықтай білді. Әсіресе, үлкен буын өкілдерінің ұлттық ойындарға деген қызығушылығы – жас ұрпаққа өнеге боларлық тағылымды көрініс.
    Шара соңында сайыс қорытындыланып, жүлделі орындарға ие болған ардагерлерге арнайы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
    Осындай іс-шаралар ардагерлерімізге құрмет көрсетіп қана қоймай, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға үлкен үлес қосады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары