ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАЛАПТЫ АУЫЛ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАЛАПТЫ АУЫЛ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Талапты ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, ауданның тиісті кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.
    Кездесу барысында аудан басшысы округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім, денсаулық сақтау және абаттандыру салаларында жүзеге асқан жұмыстарды атап өтті.
    Ағымдағы жылы Көкмардан ауылындағы М.Қабылов көшесіне аяқ жол салу, Сарыкөл ауылына спорт алаңшасын орнату, А.Дәрібаев және С.Айнабеков көшелерін жарықтандыру, Ынталы ауылындағы көшелерге тас жол төсеу, сондай-ақ Астана және Ж.Тастанбек көшелеріне асфальт жол салу секілді жұмыстар жоспарланып, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен іске асуда.
    Жиын барысында тұрғындар тарапынан ауылішілік жолдар, жарықтандыру, инфрақұрылым және әлеуметтік мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, аудан әкімі көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.
    Кездесуден кейін аудан әкімі жасы 85-тен асқан тыл ардагері, Отырар ауданының құрметті азаматы Нұрмахан Тасболаттың үйіне барып, Қарттар күні мерекесімен құттықтады. Басынан өткен қиындықтарға мойымай ел ертеңі үшін еселі еңбек еткен ардагердің иығына зерлі шапан жауып, құрмет көрсетті. Бүгінде немере-шөберенің қызығын көріп отырған қария көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары