ШҚО ормандарында шамамен 76 млн ағаш отырғызу жоспарлануда

    ШҚО ормандарында шамамен 76 млн ағаш отырғызу жоспарлануда

    Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылықтарына қарасты аумақтарда ағаш отырғызу жұмысы жалғасып жатыр.

    Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мерхат Әміров мәлімдеді.

    Шығыс Қазақстан – еліміздегі орман қоры мол өңірлердің бірі. Жалпы аумақ 3 млн. гектарды құрайды. Бұл облыс аумағының 30,9 пайызына тең.

    Мемлекет басшысының 2021–2027 жылдары 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңірде 2027 жылға дейін 76 млн. ағаш егу көзделген. Соңғы бес жылда оның 40 млн.-нан астамы отырғызылды.

    Өңірде 13 орман шаруашылығы мекемесіне қарасты 30 тұқымбақ жұмыс істейді. Онда орман алқаптарына қажетті отырғызу материалы өсіріледі.

    Биыл 3 351 гектарға 17,5 млн. көшет отырғызу жоспарланған. Көктемде 1 276 гектарға 6,9 млн., ал күзгі кезең басталғалы 408 гектарға 1,6 млн. дана егілді. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.

    Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары