АУДАН ӘКІМІ АҚТӨБЕ АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    АУДАН ӘКІМІ АҚТӨБЕ АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Ақтөбе ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, ауданның тиісті кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.
    Кездесу барысында аудан әкімі ауыл округіндегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау және абаттандыру бағыттарында атқарылған жұмыстарды атап өтті.
    Атап айтқанда, ауылдағы бірқатар көшелерге асфальт төселіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілген. Ақтөбе-Шілік автожолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауыз су жүйелері жаңартылған. Сонымен қатар, 5000 басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
    Білім беру саласында Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектебі күрделі жөндеуден өтіп, денсаулық сақтау саласында ауылдық емханаға газ жүйесі қосылып, қызметтік автокөлік берілген.
    Кездесу кезінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары да кеңінен сөз болды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылғаны айтылды.
    Жиында ауыл тұрғындары тарапынан көше жарығы, жол, ағын су, жол белгілерін орнату және өзге де әлеуметтік мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, аудан әкімі көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді. Аудан басшысы ауылдың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдіріп, елді мекенді көркейту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
    Кездесуден кейін аудан әкімі ардагер ұстаз, Отырар ауданының құрметті азаматы Жақсылық Жүсіповтің үйіне барып, Қарттар күні мерекесімен құттықтады. Ұзақ жылдар бойы білім саласында еңбек етіп, шәкірттерді тәрбиелеуге еселі үлес қосқан ардагердің иығына зерлі шапан жауып, құрмет көрсетті. Жасы 90-ға таяған Жақсылық қария көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары