
Елордада қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың төрағалығымен қоғамдық тамақтану және сауда нысандарындағы, сондай-ақ жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңесі өтті.
Кеңеске Департамент бастығының орынбасары Өміржан Тұқышев қатысып, баяндама жасады. Жиында анықталған кемшіліктерді жою, кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сауда және қоғамдық тамақтану нысандарындағы өрт қауіпсіздігі, өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі және электр желілерінің қауіпсіз пайдаланылуына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар жеке тұрғын үй секторында жүргізіліп жатқан профилактикалық аралау жұмыстары, тұрғындарға жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлеріне өртті ерте анықтайтын түтін датчиктерін орнату жұмыстары қаралды.
Жауапты қызметтерге нақты тапсырмалар беріліп, қаладағы өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғастырылатын болады.









