
Асқар Забикулин атындағы №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлiмiнде №108 мектептің 7-сынып оқушылары үшін «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысып, бөлімнің негізгі бөлмелерін аралады. Балаларға өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникалары, арнайы киімдер мен жеке қорғаныс құралдары көрсетілді.
Оқушыларға өрт сөндірушілердің каскалары, арнайы қорғаныс костюмдері, тыныс алу аппараттары, өрт сөндіру жеңдері, оқпандар және төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылатын басқа да құрал-жабдықтар таныстырылды.
Школьниктердің ерекше қызығушылығын өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарының көрсетілімі тудырды. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері балаларға өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы, өрт қауіпсіздігі ережелері және өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимылдар туралы түсіндірді.
Іс-шара соңында оқушыларға қауіпсіздік ережелері және жедел қызметтердің телефон нөмірлері еске салынды.
Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығына деген құрметін арттыруға ықпал етеді.









