
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Қазақстандық боксшы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалдық жекпе-жекте Төрехан Сабырхан Иордания өкілі З. Ишашпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Бұл — Қазақстанның бокстан Азия ойындарында соңғы 12 жылда жеңіп алған алғашқы алтын медалі. Бұған дейін қазақстандық боксшылар 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған болатын.








