Жапонияның Аичи халықаралық аренасында өтіп жатқан дзюдодан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны кезекті жүлдемен толықты.
Ерлер арасындағы -81 кг салмақтың финалында отандасымыз, биылғы Азия чемпионы Әділет Алмат пен жарыс қожайыны Сотаро Фудживара күш сынасты. Бас жүлде жолындағы тартысты белдесуде әлем чемпионатының күміс жүлдегері жапон палуаны басым түсті. Осылайша, 22 жастағы Әділет Қазақстан қоржынына күміс медаль салды.
Айта кетейік, бұл отандасымыз қатысып жатқан алғашқы Азиада. Бүгін Әділет 1/8 айналымда Тегин Алмазжан уулын (Қырғызстан), ширек финалда Шинбайар Ойинчимегті (Моңғолия) жықты. Ал жартылай финалда Абубәкір Шеровтан (Тәжікстан) мықты екенін дәлелдеді.
Бұл Аичи-Нагоядағы ойындарда дзюдодан Қазақстан қоржынына түскен 4-медаль.
ДЗЮДО: ӘДІЛЕТ АЛМАТ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Ұқсас материалдар

ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы
Үржар ауданының әкімдігіАшу
Сот қаулысын орындау
Алматы облысының Әділет департаментіАшу
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелері бойынша семинар өтті
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіАшу
Тазалыққа немқұрайлы қараған тұрғынға шара қолданылды
Ашу
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" жаңалықтары

ТАРИХИ МЕДАЛЬ! ДАМИР ТОҚТАРОВ СПОРТТЫҚ ҚҰЗҒА ӨРМЕЛЕУДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕНІ СЫЙЛАДЫ
ҚР ТСМАшуАстанада WADA Атқарушы комитетінің отырысы өтеді
ҚР ТСМАшуДЗЮДО: АЖАР АСХАТ - ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
ҚР ТСМАшуДЗЮДОДАН ЕСМИГУЛ КУЮЛОВА АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ
ҚР ТСМАшу
ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЖІБЕК ҚҰЛЫМБЕТОВА АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ
ҚР ТСМАшу