Ардагерлерге- көңіл, қамқорлық және алғыс

    Ардагерлерге- көңіл, қамқорлық және алғыс

    Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері политехникалық колледж студенттерімен бірге өрт сөндіру қызметінің ардагерлерін арнайы барып құттықтап, Халықаралық қарттар күнімен ізгі тілектерін жеткізді.

    Кездесу барысында ардагерлерді мерекемен құттықтап, көп жылдар бойы атқарған еңбектері, қызметке деген адалдығы және өрт сөндіру-құтқару қызметінің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді.

    Ардагерлерге дастарханға арналған шағын сыйлықтар табысталды. Жылы әрі шынайы өткен кездесуде жастар ардагерлермен әңгімелесіп, олардың қызметтегі жылдары мен өмірлік тәжірибелері жайлы естеліктерін тыңдады.

    Мұндай кездесулер - аға буынға деген құрмет пен қамқорлықтың белгісі ғана емес, сонымен қатар жастарға мамандықтың тарихын танып, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және адам өмірін қорғауға арналған еңбектің маңызын түсінуге мүмкіндік береді.

    Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ардагерлерге зор денсаулық, отбасылық амандық, жүректеріне жылу және ұзақ ғұмыр тілейді!

    Маңғыстау облысының ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары