
2 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының сахнасында Катонқарағай ауданының шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары қала тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынады.
Концерт алдында аудандық мектеп оқушыларының шығармашылық көрмесі, ауданның тарихи-мәдени мұрасымен таныстыратын экспозициялар ұйымдастырылады.
Көрменің басталуы – сағат 17:00-де, концерт – 18:00-де.
Мұндай шаралар облыс орталығында бірнеше жылдан бері жұма және сенбі күндері тұрақты түрде өтіп келеді. Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандарының тұрғындары өз өңірлерінің спорт пен мәдениет салаларындағы жетістіктерін музыка, сахналық қойылымдар және жерлестерінің еңбегінің жемісі арқылы көпшілікке таныстырады.
Ал 3 қазанда сағат 08:00-де «Алтай» КТО маңындағы алаңда Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен аграршыларының қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.









