Нысандардың қолжетімділігін бақылау: Департаменттің практикалық жұмысы

    Нысандардың қолжетімділігін бақылау: Департаменттің практикалық жұмысы
    Нысандардың қолжетімділігін бақылау: Департаменттің практикалық жұмысы
    Ұлытау облысы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мүгедектігі бар адамдардың және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарының нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде заңнама талаптарының сақталуын бақылау.
    Осы бағыттағы жұмыс шеңберінде Департамент мамандары нысандардың белгіленген қолжетімділік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында объектілерге барып, тексеру жұмыстарын жүргізеді.
    Бейнематериалда нысанның қолжетімділік бөлігіндегі заңнама талаптарына сәйкестігі туралы Декларацияны келісу мәселесін қарау шеңберінде жүргізілген нысанды тексеру барысындағы жұмыс сәттерінің бірі көрсетілген.
    Тексеру барысында мамандар қолжетімді ортаның қажетті элементтерінің болуын және белгіленген талаптарға сәйкестігін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың нысанға кедергісіз кіруі мен жүріп-тұруына жасалған жағдайларды бағалайды.
    Бұл жұмыс заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және өңірде барлық азаматтар үшін қолайлы әрі кедергісіз орта қалыптастыруға бағытталған.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ" жаңалықтары