
Бүгін Шарбақты аудандық мәслихатының кезекті LXVII сессиясы өтті.
Сессияда мәселелер қаралды:
1. Галкин ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру жөніндегі жұмысы туралы.
2. Шалдай ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру жөніндегі жұмысы туралы.
3. Шығып қалғандардың орнына Шарбақты аудандық ауданының аумақтық, кейбір округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
Барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.







