"Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты" ММ

    Мәслихат туралы

    Қош келдіңіздер Шарбақты аудандық мәслихатының ресми сайтына. Біздің сайтта Сіздерге Шарбақты ауданының өкілетті билік органының қызметі жөнінде толық мәлімет алуға мүмкіндіктеріңіз бар, халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін оны іске асыру үшін қажетті шараларды жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Азаматтар үшін өкілетті билік халық алдында ашық және қол жетімді Біз ауданымыздың көркеюі мен дамуы үшін жемісті ынтымақтастық пен тиімді қарым-қатынасқа дайынбыз.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    Бүгін Шарбақты аудандық мәслихатының кезектіен тыс LXVIII сессиясы өтті.

    Ашу

    ИЗВЕЩЕНИЕ 9 октября 2026 года в 10 часов 00 минут в селе Шарбакты в зале заседаний районного акимата созывается LXVIII внеочередная сессия Щербактинского районного маслихата VIІІ созыва.

    Ашу

    Бүгін Шарбақты аудандық мәслихатының кезекті LXVII сессиясы өтті.

    Ашу

    Бүгін VIII сайланған Шарбақты аудандық мәслихатының 66 кезектен тыс сессиясының отырысы өтті

    Ашу

    ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 29 қыркүйекда сағат 15.00-де Шарбақты ауылында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шарбақты аудандық мәслихатының VІІІ сайланған кезекті LXVII сессиясы шақырылады.

    Ашу

    ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 22 қыркүйекда сағат 15.00-де Шарбақты ауылында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шарбақты аудандық мәслихатының VІІІ сайланған кезектен тыс LXVI сессиясы шақырылады.

    Ақпарат

    2026 жылғы 4 қарашада аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті жоспарлы отырысы өтті. Отырысқа Қоғамдық кеңес төрайымы Қалыбаева Бақтылы Қайырбекқызы төрағалық етті.

    2026 жылғы 4 қарашада аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті жоспарлы отырысы өтті. Отырысқа Қоғамдық кеңес төрайымы Қалыбаева Бақтылы Қайырбекқызы төрағалық етті. Жиынға Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сұлтанов Ақылбек Баязитұлы қатысты.Отырыс күн тәртібіне төрт мәселе енгізілді.Бірінші мәселе – «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың 9 айындағы аудан бюджетін игеру жұмысы және жыл қорытындысы бойынша болжамдары туралы».Аталған мәселе бойынша «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Бейсенова Асия Сахипзадаевна баяндама жасады.Мәселені талқылау қорытындысы бойынша аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері Қаржы бөліміне:қаржы жылының соңына дейін бекітілген бюджеттік бағдарламалардың толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді;трансферттердің мақсатты әрі мерзімінде пайдаланылуын тұрақты бақылауда ұстауды;2026 жылдың соңына дейін нақты іске асыруға мүмкіндік беретін мерзімде мемлекеттік сатып алу рәсімдері мен шарт жасасу жұмыстарын аяқтауды ұсынды.Екінші мәселе – «Шарбақты ауданының елді мекендерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы».Бұл мәселе бойынша Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Каменов Даниял Бақтыбайұлы ақпарат берді.Қоғамдық кеңес мүшелері ауданда төтенше жағдайлардың, оның ішінде табиғи және техногендік сипаттағы өрттердің алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстардың жанданғанын атап өтті.Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа басылымдарында 60 материал жарияланып, әлеуметтік желілерде 449 ақпараттық материал орналастырылған. Сонымен қатар 11 265 үгіт-насихат материалы таратылып, 121 нұсқама, 88 дәріс және ғимараттардан қауіпсіз эвакуациялау бойынша 52 оқу-жаттығу өткізілген. Тұрғындардың үйлерін аралау жұмыстары 14 002 рет жүргізілген.Жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін көрсетіп отыр. Мәселен, 2025 жылы ауданда 56 өрт оқиғасы тіркелсе, 2026 жылдың есепті кезеңінде бұл көрсеткіш 34-ті құраған.Сонымен қатар өрт сөндіру техникасы мен құрал-жабдықтардың материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында атқарылатын жұмыстар әлі де жеткілікті екені атап өтілді.Қысқы кезеңнің қарсаңында пеш және электр жабдықтарының жай-күйін, өрт гидранттары мен өртке қарсы сумен жабдықтаудың өзге де көздерінің жарамдылығын тексеру ұсынылды.Үшінші мәселе – «Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және электрондық қызметтерді насихаттау бағытындағы жұмысы туралы». Аталған мәселе бойынша Орловка ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы Медведь Наталья Александровна баяндама жасады. Бұған дейін хабарланғандай, Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының ұсынымына сәйкес, ауданның атқарушы органдары тарапынан халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері Қоғамдық кеңестің әрбір отырысында тұрақты түрде қаралып келеді. Бүгінгі таңда ауылдық округте барлық мемлекеттік қызмет сапалы әрі белгіленген мерзімде көрсетілуде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тұрғындардан шағым түспеген. Осыған орай, Қоғамдық кеңес мүшелері аталған бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да сапалы әрі уақытылы жүргізуді ұсынды.Төртінші мәселе – «Шарбақты ауданында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларына инвестиция тарту бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы». Бұл мәселе бойынша «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрқанов Берік Ерқұмарұлы баяндама жасады.Ауданда кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы салаларына инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 37,1 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жобаларды іске асыру аясында 335 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Мәселені жан-жақты талқылаған Қоғамдық кеңес мүшелері Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне: инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына тұрақты мониторинг жүргізуді;туындаған проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылдауды;мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, жемшөп базасын дамытуға және аграрлық өндірістің өзге де перспективалы бағыттарына арналған инвестициялық жобалардың іске асырылуын ерекше бақылауға алуды;табысты инвестициялық жобалар мен жергілікті кәсіпкерлердің озық тәжірибесін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жариялап отыруды ұсынды.Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, тиісті пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Қаралған мәселелер бойынша жұмыстарды одан әрі жандандыруға және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар жолданды. К.Т. КокинаАудандық Қоғамдық кеңестің хатшысы

    Жарияланды:
    Ереже

    «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеме туралы Ереже

    Шарбақты аудандық мәслихатының 2026 жылғы 11қыркүйектегі № 193/65 шешімімен бекітілді «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеме туралы Ереже 1 тарау. Жалпы ережелер 1. «Шарбақты аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Шарбақты аудандық мәслихаты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ. 3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Мәслихат аппаратының, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141100, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылдық округі, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 49 ғимарат. 10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады. 11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері 13. Міндеттері: 1) аудандық мәслихаттың қызметін сессияларда, тұрақты комиссиялар, өзге де органдар және депутаттар арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету; 2) аудандық мәслихат сессияларында жергілікті бюджеттік кірістерді қысқартуды немесе жергілікті бюджеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету; 3) депутаттарды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, аудандық мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу жөніндегі реттеуші функциялармен қамтамасыз ету; 4) аудандық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 5) өкілеттіктер шеңберінде «ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастыру-техникалық және басқа да жағдайларды қамтамасыз ету; 6) «ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында аудандық мәслихаттың ашық отырыстарын онлайн режимінде трансляциялауды қамтамасыз ету; 7) депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау. 14. Өкілеттіктері: 1) құқықтар: 1.1) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, өзге де ұйымдардан аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша ақпарат сұратуға; 1.2) аудандық мәслихат сессиясының, тұрақты (уақытша) комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға; 1.3) депутаттардың сауалдары мен депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар, ұсыныстар, жауаптар, хабарламалар, шағымдар жіберуге; 1.4) қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті. 2) міндеттері: 2-1) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдауға жол бермеуге; 2-2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға міндетті; 2-3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленетін жалпымемлекеттік стандарттарды ұстануға міндетті; 2-4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. 15. Функциялары: 1) мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету; 2) мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобаларының және шешімдердің өзге де жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін бақылау, мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру; 3) мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысын ұйымдастыру;4) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарға қажеттілікті айқындау, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттарды депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету; 5) мәслихат пен оның органдарының қызметі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, сондай-ақ мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауды ұйымдастыру; 6) келіп түскен ақпаратты, атқарушы органдар басшыларының есептерін жинау және талдау, мәслихат депутаттарының алдында есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау; 7) мәслихаттың ресми сайтын мәслихаттың қызметі туралы қажетті ақпаратпен толтыру және оның бөлімдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 8) аппарат қызметкерлерін қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуді ұйымдастыру; 9) мәслихат сессияларының қарауына петициялар шығаруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету; 10) мәслихатқа жолданған заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдері мен нәтижелерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру; 11) мәслихат құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарға консультациялық-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету; 12) мәслихат сессияларын және тұрақты комиссиялар отырыстарын хаттамалауды қамтамасыз ету; 13) петицияларды қарау мониторингін және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; 14) қажет болған жағдайда азаматтарға өтініштер беру мәселелері бойынша электрондық және (немесе) қағаз түрінде консультациялық көмек көрсету; 15) аппарат қызметін кадрлық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; 16) іс жүргізуді, құжат айналымын және құжаттарды мұрағаттық сақтауды жүргізу; 17) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функциялар. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері 16. Аппаратқа басшылықты, аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аппарат басшысы жүзеге асырады. 17. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Мәслихат аппаратының басшысы: 1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды; 2) өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады; 4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді; 7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді; 8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді; 9) мәслихаттың сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады; 10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды; 11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; 12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі 18. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мүлік мәслихат аппараты өзіне меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 19. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. 20. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мәслихат аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату 21. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Жарияланды:
    Шешім

    Шарбақты аудандық мәслихатының ШЕШІМІ (VIII сайланған LXVIII кезектен тыс сессиясы)

    Шарбақты аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026 – 2028 жылдарға арналған Шарбақты аудандық бюджеті туралы» № 154/52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шарбақты аудандық мәслихатының 2026 жылғы № 199/68 9 қазан шешіміне қосымша Шарбақты аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсан № 154/52 шешіміне 1-қосымша Шарбақты аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026 – 2028 жылдарға арналған Шарбақты ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» № 155/53 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шарбақты аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 қазан № 200/68 1-шешіміне қосымшаШарбақты аудандық әслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсан №155/53 шешіміне 1-қосымша

    Жарияланды:
    Ақпарат

    09.10.2026 - Шарбақты аудандық мәслихатының VІІІ сайланған кезектен тыс LXVIII сессиясы

    09.10.2026 - Шарбақты аудандық мәслихатының VІІІ сайланған кезектен тыс LXVIII сессиясы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    29.09.2026 - Шарбақты аудандық мәслихатының VІІІ сайланған кезекті LXVII сессиясы

    29.09.2026 - Шарбақты аудандық мәслихатының VІІІ сайланған кезекті LXVII сессиясы

    Жарияланды:
    Шешім

    Шарбақты аудандық мәслихатының ШЕШІМІ (VIII сайланған LXVII кезекті сессиясы)

    Галкино ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін іске асыру жөніндегі есебі Шалдай ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру жөніндегі жұмысы туралы Шарбақты аудандық мәслихатының кейбір округтік сайлау комиссиясының шығып қалғандардың орнына сайланған мүшелері Шығып қалғандардың орнына Шарбақты аудандық ауданының аумақтық, кейбір округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы

    Жарияланды: