
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары!
2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы кезең-кезеңімен басталады:
28 қыркүйектен бастап — балабақшалар, мектептер және медициналық ұйымдар;
1 қазаннан бастап — көппәтерлі тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер.
Жылу қабылдауға дейін үйлердегі жылыту жүйелерінің дайындығын қамтамасыз етуді және жапқыш арматураның, радиаторлардың, сондай-ақ үйішілік жылу желілерінің жарамдылығын тексеруді сұраймыз.
Жылу беру жылыту жүйелерінің дайындығына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.









