2026 жылғы 25 қарашада сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін Береке шағын ауданындағы «Лондон» тұрғын үй кешенін (10 кіреберіс, 9 қабат) сумен жабдықтау жүйесіне қосу жұмыстарына байланысты аталған шағын ауданда ауыз су беру уақытша тоқтатылады.
Су беру уақытша тоқтатылатын абоненттер саны:
* Жеке тұлғалар – 991;
* Заңды тұлғалар – 5.
Су беру уақытша тоқтатылатын нысандар:
* Тұрғын үйлер – 7;
* Әлеуметтік нысандар – 2;
* Коммерциялық нысандар – 5.
1. Тұрғын үйлер:
Береке шағын ауданы, № 58, 61, 74, 75, 76, 77, 79.
2. Әлеуметтік нысандар:
* Береке шағын ауданы, № 81 – № 31 мектеп;
* Береке шағын ауданы, № 142 – Үстел теннисі орталығы.
3. Коммерциялық нысандар:
* Береке шағын ауданы, № 74, 75, 76, 77 – «Да Винчи» тұрғын үй кешені;
* Береке шағын ауданы, № 79 – «Да Винчи Комфорт» тұрғын үй кешені.
Ауыз суды арнайы көлікпен жеткізу қамтамасыз етіледі.
«Қостанай-Су» МКК уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









