«Оңай ақша болмайды»: полицейлер жасөспірімдермен кездесті

    «Оңай ақша болмайды»: полицейлер жасөспірімдермен кездесті

    Полиция қызметкерлері жасөспірімдермен профилактикалық кездесу өткізіп, олардың интернетте және күнделікті өмірде тап болуы мүмкін негізгі қауіптерді талқылады.
    Кездесудің басты тақырыптарының бірі интернет-алаяқтық болды. Жасөспірімдерге қаскөйлер өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған жағдайда да, бөгде адамдарға парольдерді, SMS арқылы келген кодтарды және банк карталарының деректерін беруге болмайтыны ескертілді.
    - Егер сізді асықтырып, қорқытып немесе шұғыл түрде ақша аударуды талап етсе, тоқтап, ақпаратты мұқият тексеріңіз. Банктің нағыз қызметкері SMS-кодты немесе парольді сұрамайды, - деді Ертіс аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы Қуат Сәрсембаев.
    Кездесу барысында дропперлік мәселесі де жеке талқыланды. Жастарға «оңай жолмен ақша табуды» ұсына отырып, өз атына банк картасын рәсімдеу, оның деректерін беру немесе бөтен ақшаны аудару сияқты әрекеттерге тартуы мүмкін.
    - Сізге «картаңды ғана бер, ақша аласың» деуі мүмкін. Бірақ шотыңыз арқылы жүргізілген операцияларға өзіңіз жауап бересіз. Мұндай заңсыз схемаларға өзіңізді пайдалануға жол бермеңіз, — деп атап өтті полиция қызметкері.
    Сонымен қатар есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесіне де назар аударылды. Жасөспірімдерге ақша үшін «закладканы» алып кету, тасымалдау немесе басқа адамға жеткізу туралы ұсыныстардың қауіпті екені түсіндірілді.
    - Сізден кім сұрағаны және қанша ақша ұсынғаны маңызды емес. Мұндай әрекеттерге қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін, - деп ескертті спикер.
    Бұдан бөлек, кездесуге қатысушыларға лудоманияның - құмар ойындар мен онлайн бәс тігуге тәуелділіктің қауіптері түсіндірілді. Оңай ұтысқа деген құштарлық қарызға және күрделі қаржылық мәселелерге әкелуі мүмкін.
    Кездесу соңында полицейлер жасөспірімдерді күмәнді ұсыныстарға ермеуге, асығыс шешім қабылдамауға және қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда ата-аналарына, педагогтерге немесе полиция қызметкерлеріне жүгінуге шақырды.
    Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың заңсыз әрекеттерге тартылуының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары