Егін жинау науқаны қызу жүруде

    Егін жинау науқаны қызу жүруде

    Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда «Егін жинау науқаны барысы» қаралды. Бұл жиындағы міндеттер бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов тиісті сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктеді.

    Биыл қалада 7 859 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде негізгі дақыл күріш - 2 681 гектарға егілді. Бүгінгі күні 1 618 гектар күріш алқабы орылып, оның 1 288 гектары бастырылды. Нәтижесінде 6 053,6 тонна өнім жиналды.

    - Егін жинау науқанын белгіленген мерзімде аяқтап, өнімді толық әрі ысырапсыз жинауды қамтамасыз ету керек. Тиісті шараларды қабылдап, шаруашылықтармен тығыз байланыс орнату қажет,-деді Нұржан Сәбитұлы.

    Соңғы жылдары су тапшылығының әсері қатты сезілуде. Осыған қарамастан шаруашылықтарға суды мүмкіндігінше толық көлемде жеткізу бағытындағы жұмыстар атқарылды. Алайда, кейбір шаруашылықтар берілген суды пайдаланып, қалыптасқан берешектерін өтеу мәселесіне тиісті деңгейде көңіл бөлмей отыр. Қала әкімі жауапты сала басшылығына қалыптасқан берешектерді қысқа мерзімде толық өтеу бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда қаласының әкімдігі" жаңалықтары