
Медициналық көрсетілімдер бойынша протездік-ортопедиялық көмек алуға құқығы бар балалар жеке протездік-ортопедиялық бұйымдармен тегін қамтамасыз етіледі.
Медициналық көрсетілімдерге қарай табанға, тобық және тізе буындарына, сираққа, бүкіл төменгі аяқ-қолға, сондай-ақ жоғарғы аяқ-қолдарға арналған ортездер дайындалуы мүмкін.
Сондай-ақ протездік-ортопедиялық көмек алу үшін жол жүру шығындарын өтеу қарастырылған.
Көмек алушылардың жол жүру шығындары жылына екі сапардан аспайтын мөлшерде өтеледі. Ұсақ протездік-ортопедиялық құралдарды алушылардың шығындары тек бір сапар үшін өтеледі.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды немесе мүгедектігі бар балаларды протездік-ортопедиялық көмек алуға алып жүретін адамдардың жол жүру шығындары тек бір сапар үшін өтеледі.
📞 Консультация алу үшін:
+7 747 462 3707 — Балнур, пациенттермен жұмыс жөніндегі менеджер
+7 702 766 1385 — Думан, Протездік-ортопедиялық көмек департаментінің директоры









