
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар істері жөніндегі комиссия мүшелері «Мейірім» волонтерлік ұйымының таныстыру кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында студенттерге ұйымның негізгі қызмет бағыттары, мақсаттары мен жоспарлары, сондай-ақ волонтерлік жобалар мен әлеуметтік бастамаларға қатысу мүмкіндіктері таныстырылды.
Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» №1081 Жарлығында айқындалған құндылықтар туралы айтып өтті. Атап айтқанда, жауапты, заңға бағынатын және әлеуметтік белсенді азаматты қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат», «Заң және тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарына тоқталды.
Волонтерлік қызмет – жастардың азаматтық жауапкершілігі мен қоғамдық белсенділігін дамытудың практикалық құралдарының бірі. Игі және әлеуметтік маңызы бар бастамаларға қатысу жастарға қоғамның дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта Комиссия мүшелері жастармен өзара іс-қимылды жалғастырып, азаматтық жауапкершілікті, құқықтық мәдениетті және студенттердің әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған іс-шаралар мен бастамаларға қатысатын болады.









