Ақмола облысында студенттердің құқықтарын сақтау мен жатақханалардағы жағдай талқыланды

    Ақмола облысында студенттердің құқықтарын сақтау мен жатақханалардағы жағдай талқыланды

    Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Гүлнәр Жәнібекованың төрағалығымен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің проректоры Ардақ Қайыржанұлы Қапышевтың қатысуымен Уәкіл өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.
    Отырыс барысында студенттердің құқықтарын сақтау және олардың университет жатақханаларында тұру жағдайлары талқыланды.
    Талқылау Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссия мүшелерінің, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Гүлнәр Жәнібекова, сондай-ақ Ұлттық алдын алу тетігі және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі жанындағы Сараптамалық кеңес мүшелерінің Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жатақханаларына бару қорытындысы бойынша өтті.
    Сапар барысында қатысушылар студенттердің тұру жағдайларымен, тұрғын және тұрмыстық үй-жайлардың жай-күйімен, санитариялық-гигиеналық жағдайлармен танысып, сондай-ақ студенттермен кездесіп, оларды толғандыратын өзекті мәселелер мен туындаған проблемаларды талқылады.
    Отырыс барысында бару нәтижелері, одан әрі назар аударуды қажет ететін мәселелер талқыланды. Қауіпсіз әрі лайықты тұру жағдайларын қамтамасыз етуге, студенттердің құқықтарын сақтауға, сондай-ақ жастардың білім алуы мен тұруына қолайлы орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
    Отырыс қорытындысы бойынша студенттердің тұру жағдайларын одан әрі жақсартуға және олардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді.
    Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі студенттердің құқықтарын сақтауға байланысты мәселелерді уақтылы анықтау және шешу үшін білім беру ұйымдарымен және жастармен сындарлы өзара іс-қимыл жасаудың маңыздылығын атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі" жаңалықтары