
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Гүлнәр Жәнібекова мен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаев ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжат жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, Омбудсмен институтын насихаттауға және жастардың құқық қорғау қозғалысын дамытуға бағытталған.
Ынтымақтастық аясында дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер және құқықтық ағарту іс-шараларын өткізу, жастардың құқықтық клубтарын құру, студенттерді зерттеу және талдау жобаларына тарту, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясымен өзара іс-қимылды дамыту жоспарлануда.
Жастардың адам құқықтары саласындағы бастамаларын қолдауға, олардың құқықтық санасы мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Тараптар бірлескен білім беру, зерттеу және құқық қорғау бастамаларын іске асыруға дайын екендерін білдірді.








