
Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Жаңақорған ауданы мәслихатының кезектен тыс 51 сессиясының отырысы өткізілді. Сессия отырысына мәслихат депутаттары, Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Асенов және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер
1) «Жаңақорған ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Жаңақорған ауданы мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №298 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
2) «Жаңақорған ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы;
3) Жаңақорған ауданы мәслихатының Регламентін бекіту туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелербойынша хабарламашылардыңхабарламалары тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.







