ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

    Ағымдағы жылдың 7 қазан күні аудан мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

    Тұрақты комиссиялардың отырысына мәслихат депутаттары, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Т.Зейдалиев, мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

    Күн тәртібіне шығарылған мәселе

    2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі аудандық жоспардың орындалу барысы туралы (хабарламашы - аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Т.Зейдалиев).

    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарламашының баяндамасы тыңдалып,

    жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, олардың жағдайын сақтау және елді мекендердегі жайылым тапшылығының алдын алу мәселелеріне баса назар аударылды. Депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылып, жауапты салаға бірқатар нақты міндеттер жүктеу жөнінде пікірлер білдірілді.

    Отырыс қорытындысымен жайылымдарды тиімді басқару және жоспарланған іс-шаралардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жаңақорған аудандық мәслихаты" жаңалықтары