Жаңақорған аудандық мәслихаты

    Мәслихат туралы

    Жаңақорған ауданының мәслихаты жергілікті өкілді орган болып табылатын Жаңақорған ауданының халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидатура ұсыну туралы

    Жаңақорған ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 16 сәуірдегі №АСК-253 қаулысымен №309 учаскелік сайлау комиссиясының (Сүттіқұдық ауылы, Садықбек Сапарбеков көшесі №8, Сүттіқұдық ауылдық клубының ғимараты) 1 мүшесі («Ауыл» саяси партиясынан) өз міндеттерінен босатылған. Жаңақорған ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 16 сәуірдегі №АСК-253 қаулысымен №309 учаскелік сайлау комиссиясының (Сүттіқұдық ауылы, Садықбек Сапарбеков көшесі №8, Сүттіқұдық ауылдық клубының ғимараты) 1 мүшесі («Ауыл» саяси партиясынан) өз міндеттерінен босатылған. («Ауыл» саяси партиясынан) өз міндеттерінен босатылған. Осыған орай, саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктерден аталған учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидатура енгізу туралы ұсыныстары (комиссия құрамында өкілі болмаған жағдайда) Жаңақорған ауданының мәслихатымен қабылданатының хабарлаймыз. Ұсыныстар Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №33 үй, 107 бөлмесінде қабылданады. Байланыс телефоны (872435) 22-606, қабылдау уақыты 9 00 -ден 19 00 -ге дейін, түскі үзіліс 13 00 -15 00 аралығы. Демалыс күндері - сенбі, жексенбі.

    16 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы

    Жаңақорған ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 27 сәуірдегі №АСК-254 қаулысымен №15 «Әлшекей» округтік сайлау комиссиясының құрамынан (Жаңақорған кенті, Сығанақ көшесі №1, С.Сапарбеков атындағы №125 орта мектебінің ғимараты) 2 мүшесі өз міндеттерінен босатылған («Қазақстан Халық партиясы» және «АMANAT» саяси партияларының ұсыныстары бойынша сайланған). Осыған орай, 2026 жылдың 14 мамырына дейін саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктерден аталған округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар енгізу туралы ұсыныстары (комиссия құрамында өкілі болмаған жағдайда) Жаңақорған ауданының мәслихатымен қабылданатының хабарлаймыз. Ұсыныстар Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №33 үй, 107 бөлмесінде қабылданады. Байланыс телефоны (872435) 22-606, қабылдау уақыты 9 00 -ден 19 00 -ге дейін, түскі үзіліс 13 00 -15 00 аралығы. Демалыс күндері - сенбі, жексенбі.

    27 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидат ұсыну туралы

    Жаңақорған ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 10 ақпандағы №АСК-229 қаулысымен №333 учаскелік сайлау комиссиясының (орналасқан жері: Әбдіғаппар ауылдық клубы, Әбдіғаппар ауылы, Т.Сүйенішұлы көшесі №1) мүшесі Арыстанбеков Серік Изатуллаұлы өз міндетінен босатылған Осыған орай аталған комиссияның құрамына кандидатураны енгізу туралы саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары (комиссия құрамында өкілі болмаған жағдайда) Жаңақорған ауданының мәслихатымен қабылданатынын хабарлаймыз. Ұсыныстар 2026 жылдың 26 ақпанына дейін Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №33 үй, (1 қабат) 107 бөлмесінде қабылданады. Байланыс телефоны (872435) 22-4-34, қабылдау уақыты 9 00 -ден 19 00 -ге дейін, түскі үзіліс 13 00 -15 00 аралығы. Демалыс күндері - сенбі, жексенбі.

    10 ақпан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар ұсыну туралы

    Жаңақорған ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №АСК-224 қаулысымен келесі округтік сайлау комиссияларынан өз міндеттерінен мүшелері босатылған: №10 «Стадион» округтік сайлау комиссиясының құрамынан (Жаңақорған кенті, Жеңіс көшесі №1, М.Қаратаев атындағы №51 орта мектебінің ғимараты) – 1 мүше («Ақжол» саяси партиясынан); №12 «Мектеп» округтік сайлау комиссиясының құрамынан (Жаңақорған кенті, Үрзімат Мәдиев көшесі №51, №110 мектеп лицейінің ғимараты) – 1 мүше («Жебеуші» қоғамдық бірлестігінен). Жаңақорған ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №АСК-225 қаулысымен келесі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері өз міндеттерінен босатылған: №308 (Төменарық ауылы, Ш.Дүйсебеков көшесі №1, А.Д.Романов атындағы №53 орта мектебінің ғимараты) – 1 мүше («Amanat» саяси партиясынан); №314 (Қосүйенкі ауылы, Б.Смағұлова көшесі №11, №161 орта мектебінің ғимараты) – 1 мүше («Amanat» саяси партиясынан); №332 (Жаңарық ауылы, Ж.Қожантайұлы көшесі №4, ауылдық клуб ғимараты) – 1 мүше («Ауыл» саяси партиясынан); №342 (Байкенже ауылы, «Хорасан-1» кеніші, «Қызылқұм» ЖШС-нің әкімшілік ғимараты) – 1 мүше («Жебеуші» қоғамдық бірлестігінен). Осыған орай, саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктерден аталған округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатураларды енгізу туралы ұсыныстары (комиссия құрамында өкілі болмаған жағдайда) Жаңақорған ауданының мәслихатымен қабылданатыны хабарлаймыз. Ұсыныстар Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №33 үй, 107 бөлмесінде қабылданады. Байланыс телефоны (872435) 22-606, қабылдау уақыты 900-ден 1900-ге дейін, түскі үзіліс 1300-1500 аралығы. Демалыс күндері - сенбі, жексенбі.

    15 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    Шешім

    Жаңақорған ауданы мәслихатының кезектен тыс 48 сессиясының күн тәртібін бекіту туралы №560 07.07.2026

    Жарияланды:
    Шешім

    Аудан мәслихатының кезектен тыс 48 сессиясын шақыру туралы №559 03.07.2026

    Жарияланды:
    Шешім

    Жаңақорған ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы №558 01.07.2026

    Жарияланды:
    Шешім

    Жаңақорған ауданы мәслихатының кезектен тыс 47 сессиясының күн тәртібін бекіту туралы №557 01.07.2026

    Жарияланды:
    Шешім

    Аудан мәслихатының кезектен тыс 47 сессиясын шақыру туралы №556 29.06.2026

    Жарияланды:
    Шешім

    Мәслихат төрағасын қызметтен босату туралы №555 24.06.2026

    Жарияланды: