ХАБАРЛАМА
Жаңақорған ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі №АСК-298 қаулысымен Жаңақорған ауданының аумағында жаңадан 15 округтік сайлау комиссиялары құрылды. Аталған қаулы негізінде және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Конституциялық Заң) 10 және 15-1 баптарына сәйкес аталған комиссиялардың жаңа құрамдары қалыптастырылады.
Әрбір округтік сайлау комиссиясы бес мүшеден құрылады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясының мүшелерін өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияның ұсыныстары бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиясы 2026 жылдың 1 қарашасынан бастап 15 қарашаға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралықұжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері төменде орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Конституциялық Заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi Жаңақорған ауданының аумағында тұруға тиiс.
Конституциялық Заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау дүйсенбі - жұма күндері 0900-1800 аралығында жүргізіледі, үзіліс уақыты 1300-ден 1400-ге дейін.
Жаңақорған ауданы мәслихаты төрағасының м.у.а. – Амалбеков Жаслан Бекенұлы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі, №33 ғимарат, 106 бөлме (1-қабат, он жақтағы қанат).
телефон - (872435) 22606, электрондық пошта -[email protected] .
|
р/с |
сайлау учаскесінің № |
сайлау комиссиясының орналасқан жері |
сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
Округтік сайлау комиссиялары - 15 | |||
|
1 |
№1 сайлау округі |
Сунақата ауылы, Жібек жолы көшесі, №1 «А»,№194 орта мектебінің ғимараты, сайлау округіне: №304 (Екпінді ауылдық округі), №305 (Сунақата ауылдық округі), №309 (Сүттіқұдық ауылдық округі) сайлау учаскелері кіреді |
5 |
|
2 |
№2 сайлау округі |
Төменарық ауылы, Биімбет Байымбетов көшесі №1, №223 орта мектебінің ғимараты, сайлау округіне: №№307 және 308 (Төменарық ауылдық округі), №310 (Жайылма ауылдық округі) сайлау учаскелері кіреді |
5 |
|
3 |
№3 сайлау округі |
Шалқия кенті, Жібек жолы көшесі №8, Ахмет Әділов атындағы № 86 орта мектебінің ғимараты, сайлау округіне: №№311 мен 368 (Шалқия кенті) және №312 (Ақүйік ауылдық округі)сайлау учаскелері кіреді |
5 |
|
4 |
№4 сайлау округі |
Жаңақорған кенті, Оңғарбай көшесі №67, №163 орта мектебінің ғимараты, сайлау округіне:№339 (Жаңақорған кенті) және №323 (Қаңдөз ауылдық округі) сайлау учаскелері кіреді |
5 |
|
5 |
№5 сайлау округі |
Келінтөбе ауылы, Тұрар Рысқұлов көшесі №75, №192 орта мектебінің ғимараты, сайлау округіне: №314 (Қосүйенкі ауылдық округі), №316 (Талап ауылдық округі), №320 (Манап ауылдық округінің Манап ауылы), №325 (Келінтөбе ауылдық округі) сайлау учаскелері кіреді |
5 |
|
6 |
№6 сайлау округі |
Түгіскен ауылы, Аманкүл Болтаева көшесі №1, Ә.Әбутәліпов атындағы №209 орта мектебінің ғимараты, сайлау округіне:№318 (Манап ауылдық округінің Талап бекеті), №324 (Көктөбе ауылдық округі), №326 (Аққорған ауылдық округі) сайлау учаскелері кіреді |
5 |
|
7 |
№7 сайлау округі |
Өзгент ауылы, Дәумен қажы көшесі №3, №224 орта мектебінің ғимараты, сайлау округіне: №328 (Өзгент ауылдық округі), №329 (Қожакент ауылдық округі), №331 (Байкенже ауылдық округінің Билібай ауылы) сайлау учаскелері кіреді |
5 |
|
8 |
№8 сайлау округі |
Әбдіғаппар ауылы, Төлегатай көшесі №3, №213 орта мектебінің ғимараты, сайлау округіне: №327(М.Нәлібаев ауылдық округі), №№330 және 342 (Байкенже ауылдық округінің Байкенже ауылы), №332(Жаңарық ауылдық округі), №333(Қыркеңсе ауылдық округі) сайлау учаскелері кіреді |
5 |
|
9 |
№9 сайлау округі |
Жаңақорған кенті, Ыбырай Алтынсарин көшесі №47, №56 орта мектебінің ғимараты, сайлау округіне: №336 сайлау учаскесі (Жаңақорған кенті), №306 (Қожамберді ауылдық округі), №№315,341 мен 343 (Кейден ауылдық округі) сайлау учаскелері кіреді |
5 |
|
10 |
№10 сайлау округі |
Жаңақорған кенті, Жеңіс көшесі №1, М.Қаратаев атындағы №51 орта мектебінің ғимараты, сайлау округіне:№321 (Жаманбай ауылдық округінің Бесарық ауылы), №334 сайлау учаскесі (Жаңақорған кенті) сайлау учаскелері кіреді |
5 |
|
11 |
№11 сайлау округі |
Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі №4, Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимараты, сайлау округіне:№335 сайлау учаскесі (Жаңақорған кенті), №322 (Қаратөбе ауылдық округі) сайлау учаскелері кіреді |
5 |
|
12 |
№12 сайлау округі |
Жаңақорған кенті, Құрманғазы Сығырбаев көшесі №81, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің ғимараты, сайлау округіне:№317 (Жаманбай ауылдық округінің Кеңес ауылы), №337 (Жаңақорған кенті) сайлау учаскелері кіреді |
5 |
|
13 |
№13 сайлау округі |
Жаңақорған кенті, Сұлтанмұрат Сапарбаев көшесі №1, №286 мектеп-лицейінің ғимараты, сайлау округіне:№319 (Жаңақорған кенті) сайлау учаскесі кіреді |
5 |
|
14 |
№14 сайлау округі |
Жаңақорған кенті, Үрзімат Мәдиев көшесі №51, №110 орта мектебінің ғимараты, сайлау округіне:№№338 және 367 (Жаңақорған кенті) сайлау учаскелері кіреді |
5 |
|
15 |
№15 сайлау округі |
Жаңақорған кенті, Сейтхан Сыздықов көшесі №16, С.Сапарбеков атындағы №125 орта мектебініңғимараты, сайлау округіне:№313 (Қыраш ауылдық округі) және №340 (Жаңақорған кенті) сайлау учаскелері кіреді |
5 |
Нысан
_____________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы)
төрағасына_____________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
______________________________________________тұратын
(облыс,
_____________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
_____________________________________________________(ұялы телефондардың нөмірлері)
Өтініш
Мен,__________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_____________________________________________________ ұсынылған
( саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
Қазақстан Республикасының азаматы, _______________округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.
Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар_______________________________________
( иә, ___ жыл/ жоқ)
Өтелмеген немесе алып тасталмағансотталғандығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.
Мен Парламент, мәслихат депутаты, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.
Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның,iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәнінесауалдар жіберу үшінменің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.
2026 жылғы «____»_____________________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректер:
Туған кезі_____ жыл «____» _______________
Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _______________________________________________
Ұлты * _______________________________
Партиядағы мүшелігі ______________________________________________________
Білімі___________________________________________________________________
Мамандығы______________________________________________________________
Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________
Атқаратын қызметі ___________________________________________________________
Жеке куәліктің деректері______________________________________________________
(куәлік нөмірі, қашан және кім берген)
Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.
Ескертпе:
*Қазақстан Республикасы Конституциясының 22 бабына сәйкес кандидат қай ұлтқа жататынын көрсетпеуге құқылы.
** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстарытуралы мәліметтер __________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
р/б |
Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты(болған кезде) |
ескертпе |
1. |
әкесі | |
2. |
анасы | |
3. |
ұлы | |
4. |
қызы | |
5. |
ағасы | |
6. |
әпкесі | |
7. |
атасы | |
8. |
әжесі | |
9. |
немересі | |
10. |
жұбайы(зайыбы) |








