Ағымдағы жылдың 27 қазан күні коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселесі бойынша көпшілік (жария) тыңдау өткізу жоспарланған болатын.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 4) тармақшасы сәйкесАқүйік ауылдық округі Бірлік ауылында орналасқан (ескі) балабақша ғимаратын және аудан әкімі аппаратының теңгеріміндегі (ескі) өрт сөндіру арнайы көлігін жекешелендіруге байланыстыкөпшілік (жария) тыңдау өткізу жоспарланған.
Алайда, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2026 жылғы 12 қазандағы №1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі тоқтады.
Осыған орай, жоғарыдағы аталған мәселеге байланысты көпшілік тыңдау өткізілмейтіндігі хабарланады.







