Шемонаиха ауданында үшжақты комиссияның отырысы өтті

    Шемонаиха ауданында үшжақты комиссияның отырысы өтті

    2026 жылғы 28 қыркүйекте Шемонаиха қаласының аудандық әкімдігінде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

    Отырысқа комиссия мүшелері, сондай-ақ «Востокцветмет» ЖШС Артемьев өндірістік кешенінің және «Рулиха» ЖШС өкілдері қатысты.

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.К. Ракимов жалақы бойынша берешек, еңбек заңнамасының сақталуы, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері бойынша ақпарат берді.

    Сонымен қатар, отырыс барысында салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек, сондай-ақЕШЕБЖ-детіркелмеген еңбек шарттары мен міндетті зейнетақы жарналарының түсуі арасындағы сәйкессіздіктер мәселелері қаралды.

    Отырыс қорытындысы бойынша жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және жұмыс берушілердің міндеттемелерін уақтылы орындауы бойынша алдағы шаралар айқындалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары