Жылыту маусымы: өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау маңызды

    Жылыту маусымы: өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау маңызды

    Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Қаратау қаласының тұрғындарымен профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Мамандар пештер мен түтін мұржаларын уақытылы тазалап, олардың ақаусыз күйде болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ электр жылыту құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жылыту жүйелерінің жарамдылығын алдын ала тексеріп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңызы атап өтілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары