«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық бөлімшелерінде сенбіліктер өткізілді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері іргелес аумақтарды тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында аумақтар қоқыстан, қураған шөптер мен түскен жапырақтардан тазартылды. Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаның тазалығы мен тәртібін сақтауға ғана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға да бағытталған. Тазалық – әрқайсымыздан басталады! Бірге қоршаған ортаны таза, көрікті әрі жайлы етейік!
Жамбыл облысы ТЖД