Таза Қазақстан – таза аудан!

    https://www.instagram.com/reel/DdwT7NMKNo1/?stkn=MWRnODQ0YTV4bjluMA==

    «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде кезекті санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

    Сенбілікке мекеме бөлімдерінің қызметкерлері мен белсенді жастар қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.Қатысушылар белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартып, көшелер мен саябақтардың көркін келтіруге атсалысты. Сонымен қатар саябақтағы скверлерді әктеу және сырлау жұмыстарын жүргізді.

    Тазалық жұмыстары барысында бірқатар аумақтар ретке келтіріліп, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Бұл бастама – туған жерге деген жанашырлық пен табиғатты қорғауға деген ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі.

    Жалпы саны 150 адам сенбілікке жұмылдырылды.

    Қоршаған ортаның тазалығы – әр адамның күнделікті жауапкершілігінен басталады. Таза әрі көрікті аудан қалыптастыру жолындағы игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Тазалықты бірге сақтайық, туған жерді бірге көркейтейік!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әйтеке би ауданы әкімдігі" жаңалықтары