Баланың цифрлық ортадағы қауіпсіздігі

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Баланың цифрлық ортадағы қауіпсіздігі

    Баланың цифрлық ортадағы қауіпсіздігі

    Өскемен қаласындағы №41 мектепте балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.

    Жиналыста ШҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Нұрай Арыстанбек ата-аналарға кибербуллинг, жастар арасындағы дропперлік және интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы айтып берді.

    Полиция қызметкері сондай-ақ қазіргі таңда балалар мен ата-аналарға қауіп төндіруі мүмкін интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері мен кең таралған тәсілдеріне тоқталды. Күдікті хабарламалар мен ұсыныстарды қалай ажыратуға болатынын, бөгде адамдарға жеке мәліметтерді, SMS арқылы келетін кодтарды және банк карталарының деректерін беруге болмайтынын түсіндірді. Сонымен қатар күмәнді жағдай туындаған кезде қайда жүгіну керектігі жөнінде нақты кеңестер берді.

    Кездесу барысында ата-аналар бала қауіпсіздігін цифрлық ортада қамтамасыз етуге қатысты практикалық кеңестер алып, полиция қызметкеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары