
26 қыркүйекте Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында кезекті аудандық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары Алтын бесік шағынауданы мен кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтарды қамтыды.
Сенбілікке 400-ден астам адам қатысты.
Тазалық жұмыстарына 50 жұмысшы мен 9 арнайы техника жұмылдырылып, 400 дана құрал-сайман пайдаланылды. Нәтижесінде аумақтан 80 текше метр қоқыс шығарылды.
Мұндай экологиялық іс-шаралар аудан аумағында тазалық пен абаттандыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде өткізіліп келеді.








