
Кездесу барысында қор өкілдері медициналық мамандарды өз қызметінің негізгі бағыттарымен және жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бағдарламаларымен таныстырды.
Қордың негізгі ұраны:
«Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдардың өмір сапасын жақсартамыз»
Орталықта:
* аналарға арналған оқыту бағдарламалары
* заңгерлер мен психологтар
* отбасыларды қолдау мамандары қызмет көрсетеді:
📌 Негізгі бағыттар:
— «Кәсіпкерлік негіздері» курсы
— психологиялық қолдау курсы
— бизнес-үдету бағдарламасы
— «Сиблинги» курсы
— «Папа PRO» курсы
— шеберлік сабақтары
Ата-аналар оқудан өтіп жатқан кезде, балалар үшін арнайы ойын аймағы ұйымдастырылған. Мұнда олар тәрбиешілер мен психологтардың бақылауымен дамиды.
Кездесу аясында медициналық мамандар мен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылы талқыланып, тәжірибе алмасу жүргізілді. Сондай-ақ балалар мен олардың ата-аналарына кешенді қолдау көрсетуге қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.
Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, отбасыларға уақтылы әрі жан-жақты көмек көрсету үшін мамандардың күшін біріктіруге ықпал етеді.
📞 Барлық сұрақтар бойынша:
8 777 277 55 26









