
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақмола облысының Ерейментау аудандық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 26 қыркүйектен 12 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу күні, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 12 қазанға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.
Әбжіков Медеу Ерболұлы – аудандық мәслихат төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесі, 121.
Жауапты адам - Абдрахманова Жұлдыз Жұмабекқызы, ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы, қызметтік телефон нөмірі (8716 33) 2-17-40, электрондық пошта мекенжайы [email protected]
Ерейментау аудандық мәслихаты келесі сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізеді:
№ р/н |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
Округтік сайлау комиссиялары | |||
1 |
2 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 8, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
2 |
2 |
4 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 8, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
2 |
3 |
6 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Олжабай батыр атындағы ауыл, Шәмшіт Байтуаров атындағы көшесі, 15, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
1 |
4 |
7 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Новомарковка ауылы, Яков Киселев көшесі, 20, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Новомарковка ауылының Балабек Жахин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
1 |
5 |
8 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылы, Сарыжайлау көшесі, 24, «Ақмола облысы білім басқрамасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Еркіншілік ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
1 |
6 |
9 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Тайбай ауылы, Сарыарқа көшесі, 54, «Ақмола облысы білім басқрамасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Тайбай ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
1 |
7 |
10 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Торғай ауылы, Мәдениет көшесі, 25, «Ерейментау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы Торғай ауылдық клубының ғимараты |
1 |
8 |
11 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Өлеңті ауылы, Мәншүк Маметова көшесі, 1а, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
1 |
Учаскелік сайлау комиссиялары | |||
1 |
394 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Олжабай батыр атындағы ауыл, Шәмшіт Байтуаров атындағы көшесі, 15, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 |
2 |
396 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Бозтал ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 13Б, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Бозтал ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 |
3 |
403 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылы, Сарыжайлау көшесі, 24, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
3 |
4 |
416 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Абай Құнанбаев көшесі , 17А, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
1 |
5 |
417 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Жеңіс көшесі, 6, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Төлеу Шаханов атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
1 |
6 |
418 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 8, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
2 |
7 |
419 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 51, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
1 |
8 |
732 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Сілеті ауылы, Абай Құнанбаев атындағы көшесі, 24, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты. |
1 |
Ерейментау аудандық мәслихаты









