
Еңбек күніне орай өңірде жұмыспен қамтуды арттыру және азаматтарға жұмысқа орналасуға қолдау көрсету мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Іс-шараға әртүрлі салалардан 40-қа жуық жұмыс беруші қатысып, жұмыс іздеушілерге еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар бойынша 266 бос жұмыс орнын ұсынды.
Жәрмеңке барысында қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, ұсынылған бос жұмыс орындары бойынша қажетті ақпарат алды.
Сонымен қатар мемлекеттік еңбек инспекторы А. Ұзақбаев қатысушыларға еңбек заңнамасының талаптары, еңбек шартын жасасу тәртібі және жұмыскерлердің еңбек құқықтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнатып, азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуына ықпал ету.








