Алматы облысы Қонаев қаласы мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Қонаев қаласының мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгеріс енгізетіні туралы хабарлайды.

    Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарында бос орындар қалыптасқан.

    Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026жылғы10 қазанғадейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

    1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер қосымша 4;

    2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

    3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

    4) кандидаттардың округтік немесе учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

    Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

    Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

    Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

    Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026жылғы10 қазанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 08:00-17:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.

    Қонаев қаласының мәслихаты

    Қонаев қаласы мәслихатының төрағасының м.а. – А.Г. Ракишева.

    Мәслихаттың орналасқан жері: Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, 13 үй.

    Жауапты адам - Мейіргүл Жолдасбайқызы Аметова, № 311 каб., қалааралық телефон коды (872772), қызметтік, ұялы телефондарының нөмірі: 41283, 87084593713, электрондық пошта мекенжайы - [email protected].

    Қалалық мәслихат округтік және учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындарға жаңа мүшелерді сайлайды:

    №

    Сайлау комиссиясының атауы

    Сайлау комиссиясы орналасқан объектінің атауы

    Сайлау комиссиясының орналасқан мекенжайы

    Бос орындар саны

    Округтік сайлау комиссиялары

    1.

    №3 округтік сайлау комиссиясы


    «Нұр-Бөбек» балабақшасы

    Қонаев қаласы, Қойшыманова көшесі, №10 «А»

    1

    2.

    №4 округтік сайлау комиссиясы


    Ы.Алтынсарин ат. №1 орта мектеп

    Қонаев қаласы, Октябрьская көшесі, № 24

    1

    3.

    №7 округтік сайлау комиссиясы


    Ахмет Жұбанов атындағы №5 орта мектеп

    Қонаев қаласы, 5-шағынаудан

    2

    4.

    №10 округтік сайлау комиссиясы


    Орта мектеп-лицей

    Қонаев қаласы, Сары-арқа көшесі, 55А.

    1

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    1.

    №933 учаскелік сайлау комиссиясы

    Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназия

    Қонаев қаласы, 1-шағынаудан, №44

    1

    2.

    №936 учаскелік сайлау комиссиясы


    «Малыш» жекеменшік балабақшасы

    Қонаев қаласы, 3-шағынаудан, №9

    1

    3.

    №940 учаскелік сайлау комиссиясы


    Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп

    Қонаев қаласы, Октябрь көшесі, №24

    1

    4.

    №942 учаскелік сайлау комиссиясы


    Қонаев қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

    Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, №2

    1

    5.

    №944 учаскелік сайлау комиссиясы


    «АгроФуд» ЖШС құрамажем зауыты

    Қонаев қаласы, Теміржол көшесі, №25Б

    1

    6.

    №947 учаскелік сайлау комиссиясы

    №61/1, орта мектеп-гимназия

    Қонаев қаласы, 4-шағын аудан

    1

    7.

    №949 учаскелік сайлау комиссиясы


    Қонаев қаласының мәдениет үйі

    Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, №13

    1

    8.

    №950 учаскелік сайлау комиссиясы


    Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебі

    Қонаев қаласы, 4-шағынаудан

    1

    9.

    №957 учаскелік сайлау комиссиясы


    К.Жалайыри атындағы №6 орта мектеп

    Шеңгелді ауылы, Мақатаев көшесі, №10

    1

    10.

    №960 учаскелік сайлау комиссиясы

    Қосқұдык ауылының №9 орта мектебі

    Қосқұдык ауылы

    2

    11.

    №962 учаскелік сайлау комиссиясы


    Қонаев қаласының қалалық көпбейінді ауруханасы

    Қонаев қаласы, 5-шағынаудан, №7

    1

    12.

    №964 учаскелік сайлау комиссиясы


    №32363 әскери бөлімі

    Қонаев қаласы, «Жұлдыз» шағынауданы

    1

    13.

    №980 учаскелік сайлау комиссиясы

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
    Алматы облысы полиция департаментінің
    Қонаев қаласы полиция басқармасы мемлекеттік мекемесі

    Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, №14

    2

    14.

    №1034 учаскелік сайлау комиссиясы

    №54179 әскери бөлімі;

    Шеңгелді ауылы

    1

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қонаев қаласы мәслихатының аппараты" жаңалықтары