Білім мен тапқырлық сынға түскен «QUIZ» ойыны

    Білім мен тапқырлық сынға түскен «QUIZ» ойыны

    Қазақстан халқының Тілдер күніне және ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай интеллектуалды «QUIZ» ойыны ұйымдастырылды.

    Зияткерлік сайысқа түрлі сала өкілдерінен құралған 9 команда қатысып, білімдерін, тапқырлығы мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады.

    Ойын 6 кезеңнен тұрды: «Зерде сыны», «Рас па, жалған ба?», «Логика алаңы», «Үнсіз миссия», «Тұлғаны таны» және «Сөз додасы». Әр кезеңде қатысушылардың білімімен қатар, жылдамдығы, байқампаздығы, есте сақтау қабілеті, шығармашылығы және командалық үйлесімі сыналды.

    Нәтижесінде 9 команданың арасынан III орын иелендік.

    Бұл сайыс біз үшін білімімізді шыңдап қана қоймай, ұйымшылдық пен командалық рухты арттырған ерекше тәжірибе болды. Жеңісіміз құтты болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары