Жаңалық

    Жаңалық
    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ШАҢЫРАҚТАРЫНА БАРЫП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
    ⚜️ Халықаралық қарттар күніне орай Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қазыналы қарттардың шаңырақтарына арнайы барып, оларды мерекелерімен құттықтады.
    🔰 Өңір басшысы Түркістан қаласындағы тыл ардагерлері Тәліп Бейсенбаев пен Ұлбосын Зульпибекованың үйлеріне барып, ардагерлермен емен-жарқын әңгімелесті. Кездесу барысында олардың хал-жағдайын сұрап, өмір жолдары мен еңбек жылдары жайлы әңгімелерін тыңдады. Ақсақалдар өздерінің естеліктерімен бөлісіп, елдің бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы пікір алмасты.
    🔰 94 жастағы Тәліп Бейсенбаев – тыл ардагері, төрт ұл, үш қыздың әкесі. Қиын кезеңде өмірге келген ол еңбек жолын мал дәрігері болып жалғастырып, Түркістанның ауданаралық сауда орталығында да қызмет атқарған. Ақсақалдың жеті перзенті өмірден өз орындарын тауып, жоғары білім алып, өз саласында еңбек етіп келеді. Бүгінде ұл-қыздарының жетістігін көріп, немере-шөберелерінің ортасында ғибратты ғұмыр кешіп отырған қазыналы ақсақал.
    🔰 Ал 88 жастағы Ұлбосын Зульпибекова – тыл ардагері, көпбалалы ана. Еңбек жолында тігінші және аспазшы болып қызмет атқарып, алты ұл тәрбиелеп өсірген. Бүгінде 16 немере сүйіп отырған ардақты ана ұрпағының қызығын көріп отыр.
    ⚜️ Облыс әкімі ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық тілеп, мерелік сый-сияпат жасады. Кездесу соңында қариялар ақ батасын беріп, елдің тыныштығы мен өңірдің өсіп-өркендеуіне тілектестігін білдірді.
    📌 Айта кетейік, бүгінде облыста 187 мыңнан астам зейнеткер, 3 ҰОС ардагері, 2082 тыл ардагері бар. Аға буынға қолайлы жағдай жасау мақсатында барлық аудан, қалада «Белсенді ұзақ өмір» орталықтары ашылды. Қартайған шағында жалғыз қалған 80 жастан асқан жалғызілікті қарияның зейнетақысына қосымша бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек көрсетілсе, әртүрлі санаттағы 9201 ардагер өңірдегі шипажайларда демалып, денсаулықтарын түзеді. Ардагерлерді қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасады.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    ________
    АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОСЕТИЛ ДОМА ВЕТЕРАНОВ ТЫЛА И ВЫРАЗИЛ ИМ ПОЧТЕНИЕ
    ⚜️ В честь Международного дня пожилых людей аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров посетил дома уважаемых аксакалов и поздравил их с праздником.
    🔰 Глава региона посетил дома ветеранов тыла Талипа Бейсенбаева и Улбосын Зульпибековой в городе Туркестане и душевно побеседовал с ними. В ходе встречи он поинтересовался их состоянием, выслушал рассказы об их жизненном пути и трудовых годах. Пожилые люди поделились своими воспоминаниями и обменялись мнениями о сегодняшней жизни страны.
    🔰 94-летний Талип Бейсенбаев – ветеран тыла, отец четверых сыновей и трех дочерей. Родившийся в трудные времена, он продолжил свой трудовой путь ветеринаром, работал также в межрайонном торговом центре Туркестана. Семеро его детей нашли свое место в жизни, получили высшее образование и трудятся в своей сфере. Сегодня уважаемый аксакал живет в здравии в окружении своих детей, внуков и правнуков.
    🔰 88-летняя Улбосын Зульпибекова – многодетная мать. В трудовые годы работала швеей и поваром, воспитала шестерых сыновей. У нее 16 внуков, она вместе с ними радуется успехам потомства.
    ⚜️ Аким области пожелал ветеранам крепкого здоровья, долголетия, благополучия их семьям и вручил праздничные подарки. В завершение встречи аксакалы дали свое благословение – бата, выразив пожелания мира стране и процветания региону.
    📌 Отметим, сегодня в области насчитывается более 187 тысяч пенсионеров, три ветерана ВОВ, 2082 труженика тыла. В целях создания благоприятных условий для старшего поколения во всех районах и городах открыты центры активного долголетия. Если одиноким старикам старше 80 лет, оставшимся в старости одинокими, оказывается помощь в размере 1 МРП дополнительно к пенсии, то 9201 ветеран различных категорий отдохнул и поправил здоровье в санаториях региона. Работа по поддержке ветеранов продолжается.
    Пресс-служба акима Туркестанской области
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы" жаңалықтары